Положение Олимпиады
Положение
о проведении городской олимпиады по математике «BILIMMEN OLYMPIAD» для учащихся 3-6 классов
1. Общее положение.
1.1. Настоящее Положение определяет цели и задачи, организационное обеспечение, порядок проведения и финансирования, участия и определения победителей и призеров олимпиады по математике для учащихся 3-6 классов «BILIMMEN OLYMPIAD» (далее — олимпиада) в 2023-2024 учебном году.
1.2. Организатором является ТОО «BILIMMEN».
1.3. Основной целью олимпиады является выявление, поддержка и развитие одаренных учащихся 3-6 классов с математическими способностями.
1.4. Основные задачи олимпиады:
— создание специальных условий для выявления одаренных учащихся в области математики;
— стимулирование познавательной и творческой активности школьников, развитие функциональной грамотности у школьников по предмету математика;
— развитие у школьников навыков участия в индивидуальных соревнованиях.
1.5. Олимпиада проводится ежегодно в один тур.
2. Организационный комитет олимпиады.
2.1. Для организации и проведения олимпиады создаётся организационный комитет (далее — оргкомитет).
Оргкомитет:
— осуществляет непосредственное руководство подготовкой и проведением олимпиады;
— принимает заявки и готовит необходимые материалы для участия на олимпиаде;
— формирует и утверждает состав жюри;
— определяет виды мероприятий, форму их проведения;
— анализирует и обобщает итоги Олимпиады;
-обеспечивает освещение хода подготовки, проведения и результатов олимпиады.
3. Участники олимпиады.
3.1. В олимпиаде принимают участие учащиеся 3-6 классов общеобразовательных школ города Алматы, Республики Казахстан, которые заранее прошли регистрацию.
3.2. Зарегистрироваться на олимпиаду можно по номеру телефона: 87077516633 либо заполнив форму по ссылке:
3.3. Заявки на участие и регистрация на олимпиаду принимаются не позднее чем за 3 (три) дня до начала олимпиады.
3.4. Регистрация на Олимпиаду будет закрыта 19 января 2024 года в 19.00.
3.5. При регистрации участники должны указать ФИО, класс обучения, язык обучения, город, название или номер школы, номер телефона одного из родителей.
4. Порядок организации и проведения олимпиады.
4.1. Олимпиада охватывает содержание программ по математике 3-6 классов, а также нестандартные логические задачи.
4.2. В каждой параллели могут участвовать школьники, обучающиеся в школе не старше указанного класса. Возможно участие за более старший класс, за более младший – недопустимо.
4.3. Рабочими языками проведения олимпиады являются казахский и русский языки.
4.4. Олимпиада проводится в формате офлайн.
4.5. Длительность олимпиады: 90 минут.
4.6. Олимпиадная работа каждой параллели состоит из 15 открытых вопросов:
- 1-12 задания на представление единственно верного ответа;
- 13-15 задания на представление нескольких ответов.
4.7. Во время олимпиады участники должны соблюдать принципы академической честности: запрещается использовать личные записи, любую литературу, в том числе информацию в электронном виде, электронные носители информации, калькуляторы, мобильные средства связи.
4.8. За нарушения правил олимпиады участники могут быть дисквалифицированы.
5. Место и сроки проведения олимпиады
5.1. Олимпиада проводится в городе Алматы. Адрес проведения будет объявлен позже.
5.2. Дата проведения олимпиады: 21 января 2024 года.
5.3. Время проведения олимпиады будет указано в регламенте индивидуально для каждого класса.
6. Подведение итогов и награждение победителей.
6.1. Протокол олимпиадных результатов с баллами публикуется в течении 14 рабочих дней после проведения олимпиады.
6.2. Апелляция результатов будет проведена в течении трех дней после публикаций результатов.
6.3. Места в итоговой таблице присуждаются по классам. Подведение итогов осуществляется за счет количества правильно решенных задач (баллов).
6.4. В случае равенства решенных задач (баллов), более высокое место в итоговой таблице достается тому, кто решил задачи за более короткое время.
6.5. Участники, набравшие максимальное количество баллов, становятся победителями (ученики, занявшие 1, 2, 3 места) и награждаются Дипломами, а также памятными призами.
6.6. Число победителей в каждой параллели:
- 1 место — 1 ученик;
- 2 место — 2 учеников;
- 3 место — 3 учеников.
6.7. Всем участникам олимпиады будут выданы электронные сертификаты. Ссылка на электронные сертификаты и дипломы будет отправлена в течении 20 (двадцати) дней после публикации результатов.
6.8. Подарки победителей можно будет забрать по адресу Маркова, 43; 237 кабинет в течении 20 (двадцати) дней после публикации результатов.
6.9 Участники, показавшие наилучшие результаты и набравшие хотя бы 80% от всех баллов получат возможность обучаться в образовательном центре «BILIMMEN» в 2023-2024 учебном году на основе образовательного гранта.
7. Финансирование олимпиады.
7.1. Стоимость участия на олимпиаде: 3000 тг (до 1 декабря 2023 года), далее 5000тг (со 2 декабря по 19 января 2024 года). Ученикам образовательного центра «BILIMMEN» предусмотрена скидка в размере 50%.
7.2. Финансирование олимпиады осуществляется согласно утвержденной смете из средств ТОО «BILIMMEN» и организационному взносу участников.
ЕРЕЖЕ
Математика пәнінен 3-6 сынып оқушыларына арналған «BILIMMEN OLYMPIAD» қалалық олимпиадасын өткізу туралы
1. Жалпы ережелер.
1.1. Осы Ереже 2023-2024 оқу жылында өтетін математика пәнінен 3-6 сынып оқушыларына арналған «BILIMMEN OLYMPIAD» олимпиадасының (бұдан әрі — олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыздандырылуын, өткізу және қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
1.2. Ұйымдастырушы — «BILIMMEN» ЖШС.
1.3. Олимпиаданың негізгі мақсаты — математикалық қабілеті бар 3-6 сынып оқушыларын анықтау, қолдау және дамыту.
1.4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
— математика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау үшін арнайы жағдайлар жасау;
— оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
— оқушылардың жеке жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту.
1.5. Олимпиада жыл сайын бір кезеңде өткізіледі.
2. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті.
2.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі — Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
— олимпиаданы дайындау мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;
— өтінімдерді қабылдайды және олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдарды дайындайды;
— қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
— іс-шаралардың түрлерін, оларды өткізу нысанын айқындайды;
— олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды;
— олимпиаданың дайындық барысын, өткізілуін және нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Олимпиадаға қатысушылар.
3.1. Олимпиадаға алдын ала тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 3-6 сынып оқушылары қатысады.
3.2. Олимпиадаға 87077516633 телефон нөмірі бойынша немесе мына сілтеме бойынша нысанды толтыру арқылы тіркелуге болады: https://forms.gle/KmrkHAyg9Hg3ZxWD8
3.3. Олимпиадаға қатысуға және тіркелуге өтінімдер олимпиада басталғанға дейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей қабылданады.
3.4. Олимпиадаға тіркелу 2024 жылы 19 қаңтарда сағат 19.00-де жабылады.
3.5. Тіркелу кезінде қатысушылардың аты-жөні, сыныбы, оқу тілі, қаласы, мектебінің атауы немесе нөмірі, ата-анасының бірінің телефон нөмірі көрсетілуі керек.
4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
4.1. Олимпиада 3-6 сыныптардағы математика бағдарламаларының мазмұнын, сондай-ақ стандартты емес логикалық есептерді қамтиды.
4.2. Әр параллельге аталған сыныптан аспайтын мектепте оқитын оқушылар қатыса алады. Жоғары сынып үшін қатысуға рұқсат етіледі, кіші сынып үшін қатысуға болмайды.
4.3. Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақ және орыс.
4.4. Олимпиада офлайн форматта өткізіледі.
4.5. Олимпиаданың ұзақтығы: 90 минут.
4.6. Әр параллельдің олимпиадалық жұмысы 15 ашық сұрақтан тұрады:
- Жалғыз дұрыс жауапты ұсынуға арналған 1-12-тапсырмалар;
- Бірнеше жауаптарды ұсынуға арналған 13-15-тапсырмалар.
4.7. Олимпиада кезінде қатысушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтауы тиіс: жеке жазбаларды, кез-келген әдебиеттерді, оның ішінде электрондық түрдегі ақпаратты, электрондық ақпарат тасымалдағыштарды, калькуляторларды, мобильді байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
4.8. Олимпиада ережелерін бұзғаны үшін қатысушылар шеттетілуі мүмкін.
5. Олимпиаданы өткізу орны мен мерзімі
5.1. Олимпиада Алматы қаласында өткізіледі. Нақты мекен-жай толық хабарланады.
5.2. Олимпиаданы өткізу күні: 21 қаңтар 2024 жыл.
5.3. Олимпиаданы өткізу уақыты регламентте әр сынып үшін жеке көрсетіледі.
6. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.
6.1. Ұпайлары көрсетілген олимпиада нәтижелерінің хаттамасы олимпиада өткізілгеннен кейін 14 жұмыс күні ішінде жарияланады.
6.2. Нәтижелердің апелляциясы нәтижелер жарияланған соң 3 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
6.3. Қорытынды кестедегі орындар сыныптар бойынша беріледі. Қорытындылау дұрыс шығарылған есептер (ұпайлар) санының есебінен жүзеге асырылады.
6.4. Шығарылған есептер саны тең болған жағдайда, қорытынды кестеде тапсырмаларды қысқа мерзімде шешкен қатысушыға жоғары орын беріледі.
6.5. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз болады (1, 2, 3 орын алған оқушылар) және дипломдармен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
6.6. Әр параллельдегі жеңімпаздар саны:
✔ 1-орын — 1 оқушы;
✔ 2-орын — 2 оқушы;
✔ 3-орын — 3 оқушы.
6.7. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Серитификаттар мен дипломдардың электронды нұсқасына сілтеме нәтижелер жарияланғаннан кейін 20 (жиырма) күн ішінде жіберіледі.
6.8. Жеңімпаздар сыйлықтарын нәтижелер жарияланғаннан кейін 20 (жиырма) күн ішінде Марков, 43; 237 кабинет мекен-жайы бойынша алып кетуге болады.
6.9 Ең үздік нәтиже көрсетіп, барлық ұпайдың кемінде 80%-ын жинаған оқушылар «BILIMMEN» оқу орталығында 2023-2024 оқу жылында білім гранты негізінде оқуға мүмкіндік алады.
7. Олимпиаданы қаржыландыру.
7.1. Олимпиадаға қатысу құны: 3000 тг (2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін), кейін 5000тг (2023 жылдың 2 желтоқсанынан 2024 жылдың 19 қаңтарына дейін). «BILIMMEN» оқу орталығының оқушыларына 50% жеңілдік қарастырылған.
7.2. Олимпиаданы қаржыландыру «BILIMMEN» ЖШС қаражатынан және қатысушылар жарнасынан бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.